Алматының Орталық стадионында «Қайрат» Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады. 40 минуттан аса уақыт бойы бір ойыншысы кем болғанына қарамастан алаң иелері жанкештілік танытып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл голдардың авторлары – Небойша Косович (69-минут) пен Гүлжігіт Әліқұлов (72-минут).
Түркістанда «Тұран» мен «Астана» күш сынасты. Бәсеке барысында қонақтар екі мәрте алға шыққанымен, жергілікті футболшылар екі ретінде де таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Елордалық клубтың сапында Марин Томасов (9-минут) пен Абзал Бейсебеков (54-минут) мергендік танытса, түркістандықтардың құрамындағы Таңат Нөсербаев (18 және 68-минуттар) дубль авторы атанды.
Ал «Атырау» өз алаңында Қарағандының «Шахтерінен» 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Жексенбіде «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавловск), «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) және «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тараз» шеберлік байқасады.
Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды. Сенбі күнгі кездесулер Алматы, Атырау және Түркістан қалаларында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Астанада кәмелетке толмағандар арасында 150 құқық бұзушылық тіркелген
Оқиға • Бүгін, 15:22
Алматыда 100 жаңа автобус мектеп оқушыларын тегін тасымалдайды
Мектеп • Бүгін, 15:15
Заң және тәртіп: Елорда жастарына кәсіби-құқықтық кеңес берілді
Оқиға • Бүгін, 15:04
Маңғыстау облысында бу-газ қондырғысы салынады
Үкімет • Бүгін, 15:00
Трамптың тарифтік саясаты инфляцияны тудыруы мүмкін - экономистер
Әлем • Бүгін, 14:53
Астанада Петр Чайковскийдің шығармашылығына арналған концерт өтеді
Өнер • Бүгін, 14:44