Тағайындау • 16 Наурыз, 2021

Атырауда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бұл лауазымға Амангелді Саламатты тағайындады.

Атырауда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

Амангелді Сағидоллаұлы 1983 жылы Атырау облысыныңИндер ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика, Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану, Атырау мұнай және газ институтын мұнай және газ ісі мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы облыстық ауыл шаруашылығы департаментінде бас маманы қызметінен бастаған. 2006-2010 жылдары осы департаменттің бас маманы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары Индербор кентінің әкімі лауазымын атқарды.

2011-2013 жылдары «ИндергазСтройСервис» ЖШС директорының орынбасары, «АгроСтройИндер» ЖШС директоры болған. 2016-2018 жылдары Атырау қалалық әкімдігінде іс басқармасы коммуналдық мекемесінің директоры, 2018-2020 жылдары Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Өткен жылдың шілдесінен бері Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Ақсай ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.