Тағайындау • 16 Наурыз, 2021

Атырауда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен бұл лауазымды Айгүл Әжіғалиева атқарады. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

Айгүл Әжіғалиева 1966 жылы Атырау облысының Дамбы селолық округінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1985 жылы Целиноград қаласындағы Қаржы-экономикалық техникумын, 1991 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын қаржыгер  мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Гурьев облыстық қаржы бөлімінің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы ретінде бастаған. 1985-2005 жылдары облыстық қаржы бөлімінде, кейін  облыстық қаржы басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.  

2005-2006 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, 2006-2008 жылдары директоры, 2008-2010 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болды. Ал 2010 жылдың маусымынан осы тағайындауға дейін облыс әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

«Құрмет» орденімен, бірнеше мерейтойлық медальмен марапатталған.