Айтулы шараға қатысуға ҚР БҒМ-нің және аймақтық білім басқармаларының өкілдері, «Бөбек» ҰҒББСО-ның қызметкерлері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, мектепке дейінгі білім беру мен орта білім беру мекемелерінің, ТжКБ және жоғары оқу орындарының басшылары мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, ата-аналар мен студенттер шақырылды.
Форумда сөйлейтін қатарында «Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Елена Сәкенова, «АҮДҰИ» КЕАҚ президентінің міндетін атқарушы Ирина Калачева, «Ата-аналар қамқорлығы» халықаралық қозғалысының төрайымы химия ғылымдарының кандидаты Клара Мансурова (Ресей), Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетінің түзету педагогика және арнайы психология кафедрасының меңгерушісі, педогогика ғылымдарының докторы, профессор, РББА корреспондент-мүшесі, Джафар Маллаев (Ресей); және «Өзін-өзі тану» гимназиясының директоры Елена Лосева сынды ғалым-ұстаздар бар.
Сондай-ақ, Халықаралық Гумандық педагогика орталығының президенті, академик Шалва Амонашвили және «Басти Бубу» балаларға арналған мектепке дейінгі мекеменің социологі әрі педагогі Паата Амонашвили көпшілік алдында сөз алып, өздерінің мол тәжірибелерімен бөліседі. Бұл азаматтардың екеуінің де психология ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежелері бар.