Бүгін мегаполистегі өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында коронавирусты инфекция мен вакцинация туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасының басшысы Нариман Табынбаев журналистердің сауалдарына жауап берді.
Қазіргі таңда стационарларда 1 239 адам (оның ішінде 64 бала) емделіп жатыр. Ересек 13 науқастың жағдайы өте ауыр, оның ішінде 131-і ауыр, 1095 науқастың жағдайы орташа ауырлықта.
Өткен жылы Алматыда коронавирусты инфекциямен күрес аясында КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарды қабылдау үшін жеткілікті төсек-орын қоры жасақталған болатын. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 298 мобильді бригада құрылды, онда 948 қызметкер жұмыс істейді. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің мақсаты – пациенттерді амбулаториялық деңгейде мониторингтеу, диагностикалау және емдеу.
Бүгінгі күні қала бойынша 7 011 инфекциялық төсек-орын, оның ішінде 250 реанимациялық орын бар.
Пандемия басталған уақытта Алматыда 500 төсек-орын арналған 2 инфекциялық стационар жұмыс істеді. 2020 жылдың шілде айында Алматының 27 медициналық ұйымы КВИ-мен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шешімімен 280 төсек-орынға арналған И.С.Жекенов атындағы модульдік клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, содан кейін 300 төсек-орынды Балалар қалалық модульдік клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен 500 орынды РВ-90 инфекциялық ауруханасының екінші филиалы пайдалануға берілді.
– КВИ және пневмониямен ауырған пациенттерді емдейтін ұйымдар медициналық оттегімен 100% қамтамасыз етілген.
6 стационарда оттегі газдандыру станциялары салынды, біз тағы 12 станцияны пайдалануға беруге дайындап жатырмыз. Осылайша, 1 деңгейлі инфекциялық ауруханалардың жансақтау және реанимация бөлімшелерін оттегі жабдықтарымен толық қамтамасыз ету жүзеге асырылды.
Консервацияда ауырлығы жеңіл дәрежедегі пациенттерді емдеу үшін сыйымдылығы 1000 пациентке дейін қайта жабдықталған «Халық Арена» спорт кешені орналасқан, – деді Нариман Табынбаев.
Бір жылдан кейін, пандемия басталғалы бері Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарында тек КВИ-мен ғана емес, басқа да аурулармен ауыратын науқастарды емдеуге арналған стационарлар, төсек-орындары, жабдықтар, дәрі-дәрмектер және мамандар саны жеткілікті.