Айтулы додада Қазақстанның қос теннисіші өнер көрсетуде. Александр Бублик өзінің бірінші кездесуінде әлемдік рейтингте 64-орында тұрған жапониялық Йосихито Нисиокмен күш сынасты. 1 сағат 22 минутқа созылған бұл бәсеке 6:4, 7:6 есебімен жерлесіміздің пайдасына шешілді. Бүгін Бублик италиялық АТР тізімінде 32 сатыға жайғасқан Янник Синнермен сайысқа түседі.
Өкіншіке қарай, Парсы шығанағында Михаил Кукушкиннің жолы болмады. Осы жарысқа іріктеу сыны арқылы қатысу мүмкіндігіне ие болған отандасымыз әлемнің 39-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруффқа жол берді. Есеп – 3:6, 2:6.