Әлем • 16 Наурыз, 2021

Қытай Alibaba-дан медиа активтерінен бас тартуды талап етті

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай билігі компаниядан медиа активтерін азайту мақсатында алдағы уақытқа жоспар құруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Wall Street Journal сайтына сілтеме жасап.

Қытай Alibaba-дан медиа активтерінен бас тартуды талап етті

Тараптар арасындағы пікірталас осы жылдың басында Ханчжоуда орналасқан компанияның иелігіндегі медиа активтердің тізімін қарағаннан кейін басталды.

Миллиардер Джек Ма негізін қалаған Alibaba көптеген жылдар ішінде баспа, теледидар, әлеуметтік желідегі және жарнамалық активтерді қамтитын айтарлықтай медиа активтер қорын жинады.

Әзірге Alibaba медиа активтерінің жалпы құны белгісіз. Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың қор нарығы ашылған кезде, көпшілікке сатылатын акциялардың жалпы нарықтық құны 8 миллиард доллардан асқан.

Болашақта Alibaba медиа активтерін сатылымға қоя ма, жоқ па қазіргі уақытта нақты мәлімет жоқ. Алайда, технологиялық алпауыттың кез келген сату жоспары Қытайдың жоғарғы басшылығының мақұлдауын талап етеді. Alibaba газетке БАҚ активтерін сату туралы реттеушілермен талқылау туралы түсініктеме беруден бас тартты.

WSJ бұған дейін Қытай билігі Alibaba-ның онлайн емес кейбір активтерін сату мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған. Сонымен қатар өткен аптада Қытайдың монополияға қарсы заңнамасын бұзғаны үшін Alibaba-ға Қытайдағы рекордтық мөлшерде, яғни 975 миллион доллардан астам сомада айыппұл салуға дайындалып жатқаны белгілі болды.

 

Рабиға МҰРАТ