«2020 жылғы қыркүйекте экология министрлігі мен Павлодар облысының әкімдігі өңірдің экологиялық проблемаларын шешу бойынша Жол картасын бекітті. Ондағы эмиссияны төмендету, көгалдандыру және қалдықтарды қайта өңдеу бөлігінде экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты іс-шаралар көзделген. Министрлік Жол картасының орындалуына ерекше көңіл бөледі. 2020 жылғы құжатта Павлодар қаласында жыл сайын 2 гектар өсіммен көгалдандыруға жер телімдерін бөлу қарастырылған», деді Экология министрлігі басшысының орынбасары.
Ахметжан Пірімқұлов ERG компаниясын ағаштардың үлкен көлемін отырғызу арқылы өңірдің жасыл қорын ұлғайтуға шақырды.
«Өткен аптада министрлікте жиналыс өткіздік, онда ERG компаниясы мен облыстың басқа да кәсіпорындары ағаштардың үлкен көлемін отырғызуға дайын екендіктерін білдірді, тек жер телімдерінің жоқтығы туралы мәселе туындады», деп атап өтті экология вице-министрі.
Ол облыс басшылығына компания басшылығымен кездесу өткізіп, ағаш отырғызатын жер телімдерін анықтауды ұсынды.
Вице-министр көтерген тағы бір маңызды мәселе – автожолдар құрылысы кезінде күл мен шлак қалдықтарын пайдалану.
«Электр энергиясын өндіру нәтижесінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де жыл сайын 4,5 млн.тоннаға дейін күл-шлак қалдықтары шығарылады. Жалпы, күл үйіндісіне 166 млн. тоннадан астам күл-шлактар көмілген. 2020 жылы Екібастұз ГРЭС-1-нің күл-шлак қалдықтары автожолдар құрылысына тартылмаған. Облыс әкімдігіне осы қалдықтарды облыстық маңызы бар жолдарды салу үшін неғұрлым белсенді тарту қажет. Бұдан басқа, табиғатты қорғау шараларында күл-шлак қалдықтарын қайта пайдалану жолымен қысқарту бойынша ұтымды шаралар көзделмеген», деп атап өтті Ахметжан Пірімқұлов.
Сондай-ақ вице-министр жұмыс сапары барысында өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарына барып, қалдықтарды қайта өңдеу, ластаушы заттардың шығарындыларын өлшеуді автоматтандыру, құрғақ жағажайлардың пайда болуын жою және т.б. бойынша қабылдаған шараларымен танысты.