Қазақстан су тапшылығы жағынан Бангладеш, Үндістан, Қытай және басқа да елдерден кейін бүкіл Азия бойынша 8-орында тұр. Елде халықтың 90,2% -ында орталық сумен жабдықтауға қол жетімділік қамтамасыз етілген, ал су тапшылығы көбінесе орталық өңірлерде, трансшекаралық өзендер бассейндерінде байқалады: Сырдария, Орал, Іле, Шу, Талас. Жалпы, Қазақстанның тұщы суының жалпы қоры 429 км3 деп бағаланады.
Су ресурстарын басқарудағы негізгі мәселе су ресурстарын пайдалану тиімділігінің төмендігімен, сондай-ақ пайдалану шығындарын өтемейтін ағымдағы тарифтермен байланысты. Су инфрақұрылымының ескіруі және инвестициялардың болмауы да үлкен мәселе. Мұндай деректер «ТДМ пікірталас платформасы және Бизнес» кезекті онлайн-конференциясында айтылды. Онлайн-конференция шеңберінде Қазақстандағы ТДМ-2030-дың «Су ресурстарының болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету және барлығы үшін санитария» алтыншы бағыты талқыланды. Конференция «Жасыл экономика және «G-Global»-ды дамыту коалициясы» бастамасымен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, «Соса-Cola» халықаралық компаниясы халықаралық серіктестермен ынтымақтастықта өтті.
Конференцияда Қазақстанда сумен жабдықтау мәселелерін шешу үшін 2002 жылдан бастап «Ауыз су», «Ақ бұлақ» бағдарламалары және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы дәйекті түрде іске асырылғаны атап өтілді. Жалпы, 2011-2018 жылдары Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 589 млрд.теңге бөлінді, 2015 жоба іске асырылды. ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы Сәкен Әтелдің айтуынша, биыл ауыл шаруашылығын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 17 жоба жүзеге асырылады.
Конференцияда сөз сөйлеген «Жасыл экономика және «G-Global»-ды дамыту коалициясы» ЗТБ Атқарушы директоры Асхат Сүлейменов Ақкөл ауданының 28 мектебінде таза суға қол жеткізуді қамтамасыз еткен, олар жүзеге асырған «Таза су» жобасын атап өтті. «Филип Моррис Қазақстан» Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Станислав Боровицкий компанияның су ресурстарын сақтау бойынша қабылдаған шаралары туралы баяндады. Компания 2018 жылы фабриканың аумағы 51 гектардан асатын аумағын суару үшін ақылды суарудың ирригациялық жүйесін енгізу жобасын іске қосты. Қазіргі уақытта компания аумағындағы барлық әкімшілік және өндірістік алаңдарда сүзгілер орнатылды, таза суға қол жеткізу қамтамасыз етілді, ал 2020 жылдың қорытындысы бойынша су тұтыну 33,1 мың м3 дейін төмендетілді.
«CCI Қазақстан» компаниясының корпоративтік және реттеуші қатынастар жөніндегі директоры Алима Исембаева «Coca-Cola Içecek» компаниясының жобалары туралы айтып берді. А.Исембаеваның айтуынша, компания жыл сайын тәуелсіз бағалау жүргізеді және Қазақстандағы өз зауыттарында суды пайдалану тиімділігін жақсартады. Компания нөсер және ағынды суларды пайдаланады және ағынды суларды шамамен 100%-ға тазартады. 2015 жылдан бастап компания зауыттары жыл сайын 1,5 миллион текше метрден астам суды үнемдейді. «Қазақстанда өнімнің 1 литріне біз 1,51 литрді пайдаланамыз, бұл өнімнің өзінде суды қосқанда. Біз кіретін барлық өңірлік компаниялар тобының ішінде су ресурстарын басқару бойынша ең тиімді жүйеміз бар», деп атап өтті А.Исембаева. Жалпы, компания Қазақстанның су ресурстарын қалпына келтіруге $ 700 000 астам АҚШ доларын инвестициялады, соның арқасында шамамен 11,8 миллиард литр су сақталды.
«Эко Маңғыстау» ҰЕМ директоры Кирилл Осин халықты экологиялық ағарту аясында өткізілген іс-шараларға тоқталып, Маңғыстау облысы халқының 85% - ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Алайда өңірде тәулігіне 47 мың текше метр су тапшылығы әлі де бар. Мәселені шешу үшін өңірде биыл қаттық суды тазарту зауытының құрылысын аяқтау және «Каспий» тұщыландыру зауытының өткізу қабілетін 40 000 текше метрге дейін ұлғайту жоспарлануда.
Азия Даму Банкі жобаларының үйлестірушісі Кенжехан Әбуов АДБ-ның Қазақстандағы ағымдағы қызметі туралы айтып берді. К.Әбуов су ресурстарын іске асыру тұрғысынан АДБ Азия өңіріндегі су қауіпсіздігі мәселесін елдердің инклюзивті және тұрақты дамуы үшін бірінші кезектегі проблема ретінде көретінін атап өтті. Қазақстан Азия елдерінің арасында қызыл аймаққа кіреді, онда су ресурстарының тапшылығы мәселесі өзекті мәселе болып табылады.
ТДМ пікірталас платформасы және Бизнес ай сайын Zoom-конференция форматында өткізіледі. Әрбір кездесуде БАҚ өкілдерінің тек сұрақтар қойып қана қоймай, спикер ретінде сөз сөйлеуге, талқыланатын мәселелердің қандай да бір аспектілері туралы айтуға, сондай-ақ келесі кездесу үшін тақырыптарды таңдауға қатысуға мүмкіндігі бар.