Әлем • 16 Наурыз, 2021

Сан-Диегода автомобиль жаяу жүргіншілерді таптап өтті

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сан-Диего қаласында 71 жастағы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Оқиға салдарынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Associated Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сан-Диегода автомобиль жаяу жүргіншілерді таптап өтті

Агенттіктің хабарлауынша, жалпы тоғыз адам зардап шеккен. Олардың екеуі ауыр халде ауруханаға жатқызылған, 3 адам қайтыс болды.

Жергілікті полиция көлік жүргізушісін ұстады. Ол 71 жастағы ер адам болып шықты. Жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген деген болжам айтылды. Оқиға орын алған ауданда жергілікті университеттердің бірі орналасқан.