Өзінің тұсаукесер кездесуінде әлемдік рейтингте 64-орында тұрған жапониялық Йосихито Нисиокодан айласын асырған 23 жастағы Александр Бублик екінші кезеңде италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасты. Апеннин түбегінің өкілі небары 19 жаста болғанына қарамастан қырағы мамандардың назарын өзіне аударып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Былтыр ол Ролан Гарроста ширек финалға дейін жетіп, көрермендердің көзайымына айналды. Қазіргі кезде Синнер АТР тізімінде 32 орынды иеленуде. 2 сағат 02 минутқа созылған кеуара тартыста жерлесіміз 6:2, 6:7, 4:6 есебімен ұтылып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осы Дубайда Михаил Кукушкиннің алғашқы айналымда әлемнің 39-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруффқа жол берген еді. Есеп – 3:6, 2:6.