Экономика • 17 Наурыз, 2021

Жүкті контейнермен тасымалдауға көшеді

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық экспорттаушылар контейнер­лік тасымалдарға қызығушылық танытуда. Тасымалдаудың бұл нұсқасы жүктерді ҚХР-мен шекаралық өткелдер арқылы өткізуді тездетуге мүмкіндік береді.

Жүкті контейнермен тасымалдауға көшеді

Қазіргі кезде көрші ел жабық вагондар мен жартылай вагондардағы жүктерді баяу қабылдай­ды. Бұл ретте контейнерлердегі жүктерді әдеттегі режім­де қабылдап жатыр. Контейнерлерді пайдалану жүкті жыл­жымалы құрамды тар табанды темір жолға ауыс­тырып тиеуді қажет етпейді.

– Қытаймен шекарада қалыптасқан жабық вагондар мен астық тасығыштардың кептелісіне байланысты астықты (арпа, зығыр тұқымы) контейнерлерге тиеуге көштік, – дейді жүкті Қазақстанның солтүстік өңірлерінен Қытайға жеткізетін жүк жө­нелту­ші Нұрлан Омаров. Компанияның алғашқы кон­тейнерлері тасымалдауға дайын.

Жүк жөнелтушілердің көпшілігінде контейнер­лерге тиеуді жүзеге асыру үшін қажетті жабдық­тар бар. Контейнерлік тасымалдауды дамыту мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүк тасымалдарын жүзеге асыратын барлық стансалардың кірме жолдарында контейнерлерді тиеуге және түсіруге рұқсат берді.