Айтулы турнирде жігіттерде бақ сынайды. Ұлттық командамыздың бапкерлері бұл бәсекеге қосалқы құрамдағы былғары қолғап шеберлерін апаруды жөн көрген екен. Барлығы 17 боксшы. Олар: 52 кило – Тимур Қабдешев, Дамир Әбдіқадыр; 57 кило – Айдос Арапов, Нұрбол Қалжанов; 63 кило – Бақтияр Смағұлов, Болат Ерсұлтан; 69 кило – Қуан Қуатов, Санатәлі Төлтаев, Дархан Дүсебай; 75 кило – Аман Қазанғапов, Аятулла Тәкежанов; 81 кило – Бекболат Әбдікерім; 91 кило – Сағындық Тоғамбай, Азамат Бектас, Нұрлан Сабыров, Абзал Құттыбеков; +91 келі – Айболды Дәуренұлы.
Ал Қазақстанның бірінші және екінші нөмірлі боксшылары кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Ресейдің Ставрополь облысында орналасқан Кисловодск қаласына аттанды.