Аймақтар • 17 Наурыз, 2021

Чемпиондар лигасы: «МС» мен «Реал» ширек финалда

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алған қос команда белгілі болды. Олар – Англияның «Манчестер Сити» және Мадридтің «Реал» клубтары.

Чемпиондар лигасы: «МС» мен «Реал» ширек финалда

1/8 финалда «Манчестер Сити» Менхенгладбахтың «Боруссиясын» 2:0 есебімен ұтты. Бірінші таймда алаң иелері екі мәрте допты торда тулатқаннан кейін ойынның мәні де кетті, маңызыды да жоғалды. Бұл голдардың авторлары – Кевин Де Брейне (12-минут) мен Илкай Гюндоган (18-минут). Мақсат орындалғаннан соң «МС» ойыншылары қарқынын бәсеңдетті. Неміс футболшыларының бойынан да «жағдайды түзетсек» деген аса бір құлшыныс байқалмады. Қос команда арасындағы алғашқы кездесуде де ағылшындар дәл осындай есеппен жеңіске жеткен еді.

Апеннин түбегінде өткен ойында 1:0 есебімен басымдық танытқан Мадридтің «Реалды» Мадридте де өздерінің үстемдігін паш етті. Зинедин Зиданның шәкірттері арасында Карим Бензема (30-минут), Серхио Рамос (60-минут) және Марко Асенсио (84-минут) мергендік танытса, қонақтардың бір ғана голмен жауап қайыруға шамалары жетті. Есеп – 3:1.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10