І.Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театры ұзақ үзілістен кейін қайта шымылдығын түрді. Карантиннің құрсауы жібіп, мәдени нысандар ұзын арқан, кең тұсау тіршілікке көшкелі тынымсыз дайындыққа кіріскен театр ұжымы наурыздың басында көрермендеріне «Өтелмеген парыз», «Сыған серенадасы», «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» атты үш бірдей жаңа қойылымды ұсынып отыр.

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Қазақ театры 4-5 наурыз күндері қауіпті індетке қарсы алдыңғы шепте күрескен дәрігерлер мен полиция қызметкерлерін, волонтерлерді театрға шақырып тегін спектакль көрсетті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қайырымды істер жалпыұлттық марафонын» ұсынған болатын. Біз осы жоба аясында екі күн бойы «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын қайырымдылық спектаклі ретінде тегін қойып, пандемияға қарсы күрескен қаһармандарға деген өз сый-құрметімізді білдірдік, – деді театр басшысы Әлімхан Мырзахан.
6 наурыз күні театрда Төлен Әбдіктің «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повесінің желісімен қойылған «Өтелмеген парыз» драмасының тұсауы кесілді.
– Жазушының бұл повесі өткен ғасырдың 60-шы жылдары жазылған.
Соған қарамастан, күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған шығарма. Қазақ пайымында қыздың абыройы – елдің абыройы. Ал бүгінгі қоғамда көптеген қаракөзіміздің ар-абыройы табан астында тапталып қалып жататыны жасырын емес. Осы мәселе көптен бері жанымды жегідей жеп маза бермей жүрген. Бүлінген тағдырдың обалын арқалаған Болатжанның мезгілсіз өлімі, жалғыз ұлынан айырылып аңырап қалған Қожабек қарияның трагедиясын ашып көрсететін Төлен Әбдіктің повесін оқыған соң, бұл драманы қоя алмай тұра алмадым, – деді театрдың көркемдік жетекшісі Батырбек Мырзахан.
Ең бастысы, қойылым көрермен көңілінен шықты. Расымен де, сахнада өтіп жатқан өмір көріністері шынайы әрі әсерлі. Ең артқы қатарда отырған соң байқап отырдық, ақ жаулықты аналардың көбі әлсін-әлсін көз жасын сүрте берді. Әртістердің бейне сомдау шеберлігі де ерекше. Оқиғалар желісі де соншалықты жинақы, үйлесімді. Қойылым аяқталған соң көпшілік әртістерді сахнадан жібермей ұзақ қол шапалақтап тұрып алды.
Премьераға келген көрермендердің қатарында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов та отырды.
– Біріншіден, біздің жерлесіміз, қазіргі қазақ әдебиетінің төрінде отырған абызы Төлен Әбдік сынды қаламгердің осы бір шығармасы Қостанай театрында сахналануының өзі – біз үшін үлкен мәртебе. Әртістердің үлкен жұмыс атқарғанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Бұл қойылымның толық нұсқасы алдағы уақытта облыстық телеарна эфирінен көрсетіледі, – деді басқарма басшысы.
Қостанай қазақ театры жуырда сондай-ақ Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын көрермендеріне тарту етті.
Қостанай облысы
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар