Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Алматыда белгісіз адам 12 мектепті жарып жібермек болды

962 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда белгісіз адам 12 мектепті жарып жібермек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда белгісіз адам 12 мектепті жарып жібермек болды

Бұл туралы қаскөйдің 12 білім беру мекемелерінің электрондық поштасына ақша аударуды сұраған хатынан белгілі болды, ақша аудармаған жағдайда, ол “мектептің ғимаратын жарып жіберемін” деп қорқытады. Қазіргі кезде саперлер бұл ғимараттарды тексеріп жатыр. Аталған факт ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жасырын адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.