Қазақстан • 19 Наурыз, 2021

Шетелден келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Франция, Мальдив Республикасы, Кипр, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.

Шетелден келген 4 жолаушыдан коронавирус табылды

3 771 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 414 адам, анықтамасыз 357 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз - 129;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 200 жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз - 228;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 490 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 149 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Анықтамасыз келген 387 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде үш жолаушы Шарм эль-Шейх – Алматы рейсімен, бір жолаушы Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.