Қоғам • 19 Наурыз, 2021

«Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan» алтын компоненті бар монета шығарылады

28 рет көрсетілді

Ұлттық Банк құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарын шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған.

Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан Ұлттық Банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыстаудың Шәкірі

Әдебиет • Кеше

Жаны ізгі журналист

Егемен Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар