«Қала тұрғындарының мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін азаматтарды жиі қабылдау маңызды. Тұрғындар проблемаларын айтып қана қоймай, елорданы одан әрі дамытуға қатысты идеялары мен ұсыныстарымен бөліседі.
Бүгін 10 тұрғынды онлайн қабылдадым. Азаматтар тарапынан 20 сұрақ болды. Негізгі мәселелер - тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, білім алу, медициналық көмек, әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және т.б. төңірегінде. Сауалдар бақылауға алынды.
Тұрғындар - «Жанұя» (Бейбітшілік көшесі, 14), Тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32), iQala (Қошқарбаев, 29) сияқты әлеуметтік орталықтардан көмек пен кеңес ала алады», — деді елорда әкімі.