Тағайындау • 19 Наурыз, 2021

Экс-депутат Нұрлан Әлімжанов жаңа қызметке тағайындалды

4778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы М.Горький атындағы Орыс драма театрының директоры Айболат Жанғалиұлы хабарлады.

Экс-депутат Нұрлан Әлімжанов жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлан Баянғалиұлы Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде ШҚО Бородулиха ауданында туған. Актер, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты. ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері.

2019-2021 жылдары«Nur Otan» партиясының тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

05

Еске салайық, бұған дейін елорданың Мәдениет басқармасына басшылық еткен Нұрлан Сыдықов пара алды деген күдікке ілініп, қызметінен кеткен болатын.