Экология • 19 Наурыз, 2021

Еліміздің ҮЕҰ-ы «ЭкоНаурыз» экологиялық акциясын іске қосты

230 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ бастамасымен өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «ЭкоНаурыз» экологиялық акциясы іске қосылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Еліміздің ҮЕҰ-ы «ЭкоНаурыз» экологиялық акциясын іске қосты

«Қазақстанның Азаматтық Альянсының» Президенті Бану Нұрғазиева:
«Наурыз - көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасын қолдау мақсатында біз адамның табиғат пен қоғамда үйлесімді өмір сүруіне күш салғымыз келеді. Біз барлық ҮЕҰ мен қоғамдық ұйымдарды экологиялық акцияны қолдауға шақырамыз. Бұл аулаларды, көшелерді, саябақтарды, алаңдарды, скверлерді тазалау, ағаш отырғызу және экологиялық танымдық іс-шаралар».
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында атап өтті:
«Бабаларымыз Әз Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы тамаша дәстүрді жаңа қарқынмен жалғастырайық. Табиғатты тазалап, қоршаған ортаны көгалдандыруды қолға алайық. Мұндай шараларды барлық аймақта ұйымдастыруымыз қажет. Бұл – ата салтымыз және ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді жолы».

Бастаманы «Kazakhstan Innovations» ҚҚ, «Жизненный путь» ҚБ, «Ынтымақ Атырау» ҚБ, Қостанай облысының Азаматтық Альянсы, «Жасыл Ел» ҚҰ, «Алхимия Эко» ҚБ, «Маңғыстау әйелдер көшбасшылығы мектебі» ҚБ, Қызылорда облысының ҮЕҰ Альянсы және басқалары қолдады.
Ақмола облысында еріктілер мектеп оқушылары мен студенттерге эковолонтерлықты дамыту бойынша экологиялық сағаттар өткізеді, сондай-ақ «Ана үйінде» тұратын жас әйелдерге «экосыйлықтар» дайындады.
Қостанай облысында қоғам белсенділері «бірге сұрыптаймыз» атты құстар үйі фестивалі мен челленджін жоспарлады.
Атырау облысында қоғам белсенділері «Атаулы ағаш» акциясы аясында ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.
Батыс Қазақстан облысында «Таза қала» акциясын, «саябақтар шеруін» өткізу жоспарлануда.
Шымкентте «Эко режимдегі Шымкент» жобасы аясында іс-шаралар кешені өтеді. Атап айтқанда, экологиялық жағдайға мониторинг және зерттеу, «Мен экопакетті таңдаймын» акциясы, «Менің бақытты болашағым» балалар фестивалі, «ауадан ақша» эксперименті (қалдықтарды кәдеге жарату бойынша), макулатура мен пластикті жинау нүктелерін құру, жинау нүктелері картасының қосымшасын әзірлеу жүргізіледі.
Маңғыстау облысында мемлекеттік органдар, ҮЕҰ өкілдерінің, еріктілердің қатысуымен бірқатар сенбіліктер өткізіледі. «Аманат» аллеясын ашу жоспарлануда.
Қызылорда облысындағы Тұңғыш Президент саябағында ағаш отырғызылады. Облыстың әрбір ауданында кемінде 500 түп көшет отырғызу көзделіп отыр. Бұл акцияны ҮЕҰ альянсының өкілдері үйлестіретін болады.
Сонымен қатар, азаматтық бастамаларды дамыту қоры экологиялық акцияға өз үлесін қосуды жоспарлап отыр, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында сәуір айында елордада ауқымды ағаш отырғызу ұйымдастырылады.
«ЭкоНаурыз» акциясының ұйымдастырушылары мен қатысушылары барлық іс – шаралардың мақсаты – экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық бастаманы дамыту, сондай-ақ экологиялық сананы қалыптастыру екенін атап өтті.