Спорт • 19 Наурыз, 2021

Оралда бадминтоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бадминтоннан Оралда 2009 жылы туған спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Оралда бадминтоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

Аталған ел біріншілігі 23-28 наурыз күндері өтеді деп жоспарланған. Байрақты бәсекеге Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан 70-тен астам спортшы қатысады. Чемпионат барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып және жанкүйерлерсіз өтеді.