Әлем • 19 Наурыз, 2021

​​Қазақстан мен Ресей Ирикла қоймасының су тасқынына дайындығын талқылады

30 рет көрсетілді

Орынбор қаласында Ирикла су қоймасының жұмыс режімін реттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы аясында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов және Федералдық су ресурстары агенттігінің басшысының орынбасары Вадим Никаноров арасында екіжақты кездесу өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Тараптар Жайық өзенінің бассейніндегі су жағдайы мен гидрологиялық болжамды ескере отырып, Ирикла су қоймасының жоспарланған жұмыс кестесін талқылады.

Жайық өзенінің ағынын жедел бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тараптар Ирикла, Ақтөбе және Қарғала су қоймаларының жұмыс режимдері туралы мәліметтермен күнделікті алмасуға келісті.

Сонымен қатар, Тараптар 2020 жылғы қазан айында Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының 28-ші отырысында бекітілген Жайық, Ертіс және басқа өзендердің бассейндерінде зерттеулер жүргізу бойынша Бірыңғай жол картасының іс-шараларын жүзеге асырудың барысын талқылады.

Талқылау нәтижесінде алдын-ала зерттеу деректерімен алмасу және Бірыңғай жол картасының шараларын іске асыру бойынша, одан әрі жұмыстарды анықтау үшін тараптардың сарапшыларының кездесуін жақын арада өткізу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Оралда тұрғын үй өртенді

Аймақтар • Бүгін, 13:45

Рубль бағамы 6 теңгеден асып кетті

Экономика • Бүгін, 12:23

Жеті өңір «жасыл» аймақта

Қазақстан • Бүгін, 09:08

1459 адам коронавирустан жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:04

1642 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус • Бүгін, 09:00

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Спорт жаңалықтарына шолу

Спорт • Бүгін, 08:49

Басқа басылымдарға шолу

Әлем • Бүгін, 08:32

Алаш аманатына адал жан

Қазақстан • Бүгін, 08:21

Ұқсас жаңалықтар