Форумға ҚР БжҒМ-нің және аймақтық білім басқармаларының өкілдері, «Бөбек» ҰҒББСО-ның және Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының қызметкерлері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру мекемелерінің, ТжКБ және жоғары оқу орындарының басшылары мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, ата-аналар мен студенттер қатысты.
«Бөбек» ҰҒББСО-ның бас директоры Елена Сәкенова алғы сөз сөйлеу барысында Сара Алпысқызы Назарбаеваның, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың және ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибигүл Амангелдіқызы Асылованың құттықтау сөздерін оқып берді. Ол Шалва Амонашвили өз өмірі және шығармашылығымен педагогикалық қауымдастықта рухани гуманизм идеяларын растайтынын атап айтты. «Сіз адамдарға, ең маңызды, мәңгілік, құндылық туралы ойлануға итермелейтін, нақты білім бересіз. Сіздің талпынысыңыздың биіктігі, нақты ұстаздың батылдылығы, сіздің даналығыңыз бен рухани тереңдігіңіз, сіздің кітаптарыңыз бен мұғалімдік қызметтің мәні туралы сабақтарыңыз, жүрек жомарттылығы әрі Сіздің жеке тұлғаңыздың магнетизмі бізді өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге шақырады», деп, жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ гумандық педагогиканың авторын мерейтойымен «АҮДҰИ» КЕАҚ президентінің міндетін атқарушы Ирина Калачева, «Ата-аналар қамқорлығы» халықаралық қозғалысының төрайымы, х.ғ.к. Клара Мансурова (Ресей), п.ғ.д., профессор, РББА мүше-корреспонденті, Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетінің түзету педагогика және арнайы психология кафедрасының меңгерушісі Джафар Маллаев (Ресей) және «Өзін-өзі тану» гимназиясының директоры Елена Лосева құттықтады.
Өз кезегінде Халықаралық Гумандық педагогика орталығының президенті, академик, профессор, ғылым докторы Ш. А. Амонашвили және психологиялық ғылымдар докторы, «Басти Бубу» балаларға арналған мектепке дейінгі мекеменің социологі әрі педагогі П. Ш. Амонашвили форумға қатысушыларға алғыстарын білдіріп, денсаулық, жақсылық мен сәттілік тіледі.
Форум барысында «АҮДҰИ» КЕАҚ-ның ғылыми хатшысы Г. И. Қалиева, «АҮДҰИ» КЕАҚ-ның білім беру қызметі және әдістемелік қамту бойынша Департаментінің директоры Г. Ү. Сағымбаева, «АҮДҰИ» КЕАҚ-ның ғылыми-әдістемелік бөлімінің бастығы Б. Ш. Әлиев және тағы басқалар баяндамаларын ортаға салды.
Форумға қатысушылар назарына «Бөбек» ҰҒББСО-ның тәрбиеленушілерінің шығармашылық нөмірлері ұсынылды.