Кеңесте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов инфрақұрылым, экология, электр энергиясымен, сумен қамту, әлеуметтік мәселелер туралы баяндады. Кейбір проблемалық мәселелерді оң шешу үшін Үкіметтің қолдауы қажеттігіне тоқталды.
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, өңірдегі проблемаларды шешу үшін тиісті қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, министрлердің орынбасарларына жергілікті органдармен бірлесе проблемалық мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.