Футбол • 20 Наурыз, 2021

«Атырау» командасы айыппұл төлейді

535 рет көрсетілді

«Атырау» футбол командасы айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қазақстан футбол федерациясы «Атырау»-«Шахтер» командаларының кездесуінен кейін осындай шешім қабылдады.

«Тәртіптік регламенттің 45-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «Атырау» командасының ойыншысы Алексей Родионов матчтың ресми тұлғасына әдепсіз сөз айтқаны үшін төрт матчқа шеттетілсін. Шеттету мерзімі 2021 жылғы 14 наурыздан бастап есептелсін. Тәртіптік регламенттің 118-бабына сәйкес «Атырау» командасының  ойыншысы Сәбит Тастанбековке 2021 жылғы 14 наурыздан бастап болған инцидентті жан-жақты және толық заңды талқылау үшін ҚФФ аясында өткізілетін барлық жарыстарда 30 (отыз) күнтізбелік күнге шеттету түріндегі уақытша санкция қолданылсын» делінген федерацияның ақпаратында.

Федерацияның мәліметінше, «Атырау» футбол командасы Қазақстан чемпионаты мен кубогының матчтарын өткізудің техникалық регламентін бұзып, матчты интернет арқылы тарату мүмкіндігін, Премьер-Лига клубтары арасындағы 2021 жылға арналған Olimpbet регламенті-Қазақстан Республикасының чемпионаты негізінде стадион аумағында (мінбе астындағы үй-жайға) құқық қорғау органдарының немесе жеке құрылымдардың күшімен төрешілер бригадасын алып жүруді қамтамасыз етпеген.

Сол себептен, «Атырау» футбол командасына тәртіптік регламентінің 66-бабына сәйкес бұзушылықтардың жиынтығымен 160 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Енді команда  466 720 теңгені 18 сәуірге дейін төлеуі тиіс.

 

Соңғы жаңалықтар

Ақыл алыбы

Руханият • Кеше

Шығыстанудың биік шынары

Әйел әлемі • Кеше

Бейқамдық белең алып тұр

Коронавирус • Кеше

Үлкен қалада адасу

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар