Өткен ғасыр басында қазақ оқығандары, яғни алаш қайраткерлері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың» дегеніндей, бәрі дерлік қазақтың жоқшысы болды.

«Әр халықтың дәстүр-салты мен әдет-ғұрпы үкімет заңынан биік тұруы тиіс» деп қытай ойшылдары айтқаны сияқты, өткен ғасыр басында ұлтты сақтап қалудың ең нәзік иірімдері оның дәстүрі екенін қазақ оқығандары ерте аңғарды. Сөйтіп олар жұртты бірлікке, татулыққа, берекеге үндейтін, екінші жақтан жер емшегін емген дихан қауымын еңбекке ынталандыратын «Наурыз мейрамын» тірілтуге ат салысты.
Мысалы, алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлы «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 53-ші санына: «Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды күншығыс жұрттарының көбі, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Бұхар, Кавказ, Түркістандықтар мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айырықшы сыйымды, артықша дәлелді. Ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, біздің қазақ-қырғызда жалғыз-ақ мейрам бар, ол Наурыз» деп жазса, «Еңбекші қазақ» газетінің 1923 жылғы №75 санында үлкен ақын Мағжан Жұмабаев «Қош келдің, Наурыз!» атты жырын жариялаған екен.
Сол сияқты, мемлекетшіл тұлға Тұрар Рысқұлов 1920 жылы 21 қаңтарда Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайлана салысымен Наурыз мейрамын атап өту жайлы бұйрық шығарса, жазушы Бейімбет Майлин 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 22 март (наурыз) күнгі санына: «Бидай көже буланып, Бір жая піскен күйінде, Құтты болсын наурызың, Жаңа тілек, жаңа жыр, Самархан тасы еріген, Наурыздың той бұл» деп жырмен шашу жолдаған екен.
Алаш арыстарының бірі – Сұлтанбек Қожанов «Еңбекші қазақ» газетінің 1925 жылғы 22 наурыз күнгі санына «Наурыз туралы» дейтін мақала жазып мерекенің мән-маңызына тоқталыпты.
Аталмыш жазбада: «22 март – Наурыз мейрамы. Күншығыс халқы тегіс мейрам қылып өткізу салт болған күн. Мұны көп білгіштер «Дін мейрамы» деп жиреніп, лажы болса құрту керек деп сопысынады. Наурызға арналған намаз жоқ. Наурызда құрбан шалынып, құран оқылмайды. Наурыз – жыл басы. Наурыз – мұсылманшылықтан бұрын шыққан мейрам. Наурыз – ел шаруасымен күн көріп, табиғат шарттарына тұрмысы көбірек байланысқан елдің тұрмысы тудырып отырған мейрам. Жұрт қысқы қысымшылықтан құтылып, малы жұт қаупінен құтылып, аман қалған малы төлдеп қорасы толып өздері егін шаруасына қам қылып, жаз маусымында байлығын молайтудың, табиғаттың иіп тұрған кезінде қолынан келгенше көп өндіріп қалудың шарасын істеп, абыр-сабыр болып жатқан ел шаруаларының талабы қозған ең көңілді уақыты – көктем. Сол көктемнің басы – Наурыз» деп жазыпты.
Жазушы Мұхтар Әуезовтың 1985 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген 20 томдық шығармалар жинағының 16-шы томының 39-40-шы беттерінде: «Наурыз күн шығыс халқының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде, әсіресе, көшпелі түріктердің арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Наурыз – бақташылық кәсібіне салынған елдің кәсіп мейрамы... Қыс кетіп, күн шырайы түзелген кезде тәңірі ел тіршілігіне кеңшілік әкеледі деп есептеледі. Сондықтан жазғытұрым наурыздың кірген күні – жаңалық күні. Есік ауыртпалықтың бәрі қыспен бірге кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік есігі ашылған күн. Алты ай қыс қабағын түйіп, әлденеге соғары белгісіз болып келген тәңірідей иесінің иген күнінде елде ағытқан қойдай жамырасып, көрден шыққандай жылап көрісіп, қуанышты келешекке үміт артып бас қосатын. Бұл мейрам бері келген кезде, өнер тапқан елдер үшін бұрынғы қанжы қызуынан айырылса да, қазаққа соңғы заманға шейін мағынасын жоғалтқан жоқ. Сондықтан қазақ елі ұлыстың ұлы күнін көтерілген куанышпен қарсы алатын. Өзге мейрамдардың ішіде жалпақ елдің өмірімен нық байланысы бар мейрам осы болатын. Қазіргі наурыз жайындағы сөздер сол күндегі ырымды, сондағы амандасу, көрісу, сияқты ұсақ салтты, сол күндегі тілекті ғана білдіреді» деген екен.
Жоғарыдағы жазбалардан біз қазақ халқының өмір салтында наурыз мейрамының қаншалықты маңызы барын аңғарамыз. Қалай десек де, өткен ғасырдың басында ұлтшыл тұлғалар бұл мерекені жаппай халықтық етуге ұмытылған анық.
Қазақстан • Кеше
Орталық және Оңтүстік Азия интеграциясы Еуропаға жол ашады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қуатты өңір – мемлекет дамуының кепілі
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кадрларды қаншалықты бағалап жүрміз?
Қоғам • Кеше
Аутизм сырқаты бар балаларға ерекше күтім қажет
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Есірткі саудагерлері есіріп барады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Сақтандыру нарығында қандай өзгерістер болады?
Қаржы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Бес өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда 200 млн теңге ұрлаған шенеунік сотталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанға қанша шетелдік турист келді?
Туризм • Кеше
Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Білім • Кеше
Жайық өзеніне батып кеткен баланың денесі табылды
Қоғам • Кеше
Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарады
Тағайындау • Кеше
Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Атырауда нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатылды
Аймақтар • Кеше
Қоянды су қоймасы аумағынан 19 тонна қоқыс шығарылды
Елорда • Кеше
Түркістанда заңсыз алкоголь өнімдерін өндіретін 3 цех анықталды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар