Аймақтар • 25 Наурыз, 2021

Атырау облысында көктемгі балық аулау маусымы басталды

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше, 24 наурызда Атырау облысында көктемгі балық аулау маусымы басталды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Атырау облысында көктемгі балық аулау маусымы басталды

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, 30 кәсіпорын бөлінген лимитке сәйкес, балық аулауға кірісті. Ал Құрманғазы ауданындағы жергілікті бес өндірістік кооператив пен серіктестік балықшылары өткен аптадан бері балық аулап жатыр.

«Қазір облыстың балық шаруашылығы саласында 4,5 мың адам жұмыс істейді. Олар тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылып отыр. Көктемгі балық аулау маусымы 25 мамырға дейін жалғасады. Содан кейін 1 тамызға дейін тоқтатылады. Ал, күзгі балық аулау тамызда маусымы басталып, мұз қатқанға дейін созылады. Әр кәсіпорында балық аулау маусымын сәтті өткізуге толық жағдай жасалып отыр. Балық аулау лимиті өткен жылы бөлініп берілді» дейді Артур Сәдібекұлы.