Коронавирус • 25 Наурыз, 2021

Маңғыстау облысында 12 оқушы және 4 мұғалім коронавирус жұқтырды

151 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

17-25 наурыз аралығында Маңғыстау облысында мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай, мұғалімдер арасында 4 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстау облысында 12 оқушы және 4 мұғалім коронавирус жұқтырды

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Асылбек Шаров мәлім етті.

Оның айтуынша, 1 оқушыдан жедел ота жасату алдында өткізілген дәрігерлік тексеріс барысында, ал қалған 11 оқушы үйдегі қарым-қатынас арқылы вирус жұқтырған.

Коронавирус инфекциясы Ақтау қаласындағы 6 мектеп пен Мұнайлы ауданындағы «Қызылтөбе лицейі» ММ оқушыларынан анықталып отыр.

«Оқушылардың 7 - оффлайн, 5 - онлайн режимде оқиды. 12 оқушының сыныбы үй карантиніне алынды. 24 наурызда Ақтаудағы №15 мектебінде оффлайн режимде оқитын 2 «Б» сынып оқушысынан вирус анықталды. Үйдегі қарым-қатынас арқылы жұғып отыр. 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 17 наурызға дейін мектеп оқушыларының арасында 142 КВИ жағдайы тіркелді. Оның ішінде 89 оқушы онлайн, 53 оқушы оффлайн дәстүрлі форматта оқитындар», деді Асылбек Шаров.

Ел бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 1115 жаңа жағдайы тіркелді. Маңғыстау облысында соңғы репродуктивті көрсеткіш - 1,1.

Облыста өткен жылдың 27 наурызы мен 2021 жылдың 25 наурызына дейін 4369 коронавирус инфекциясы тіркеліп, ауру деңгейінің көрсеткіші 592,9 құрады.

Оның ішінде шағыммен –1560 жағдай, шағымсыз – 2809 жағдай. Төсек-орын қорының көрсеткіші – 25 пайыз.

Аймақтар бойынша ауру деңгейі:

Ақтау қаласы 2520 жағдай- көрсеткіш 902,0(57,6%)

Бейнеу ауданы 433 жағдай - көрсеткіш 632,2(10,1%)

Мұнайлы ауданы 420жағдай - көрсеткіш 295,4 (9,6 %)

Жаңаөзен қаласы бойынша 322 жағдай - көрсеткіш 225,7 (7,5%)

Маңғыстау ауданы 285жағдай көрсеткіш 818,1(6,5%)

Түпқараған ауданы 234 жағдай – көрсеткіш 691,0(5,3 %)

Қарақия ауданы бойынша 155 жағдай–көрсеткіш 422,0 (3,6%)