Бізге қазір бос сөз емес, нақты іс керегін түсінуіміз керек. Келелі пікірлерге көңіл бөлген орынды.
Ең маңыздысы – негізгі бағыттан айнымай, елдің игілігін мақсат етіп дұрыс заң қабылдап, заңға оңтайлы, халықтың үдесінен шығатын өзгеріс енгізуге атсалысу маңызды.
Шыны керек, Қазақстанда жерді өз ретімен қолдану ісінде кемшіліктер бар. Солардың барлығы уақыт талабына сай реттелуге тиіс. Жерді ауыл шаруашылығына пайдаланушылардың әлеуетін көтеруге көңіл бөлу қажет. Біз ұлан-байтақ жеріміздің әлеуетін өз деңгейінде қолдана алмай келеміз. Құнарлы жерлердің пайдасын толық көре алмай отырмыз. Бұл орайда, техникалық, технологиялық кедергілерді жойып, тиісті шарттар мен ережелерді уақыт сұранысына сай өзгерткен абзал. Осыны ескерсек, өнімділік 2-3 есе артады.
Тағы бір байқағаным, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының ІЖӨ-дегі үлесі аз. Қазіргі таңда шамамен 5 пайызға жуықтайды. Ал көршілес Өзбекстан, Украина елдерінде ауыл шаруашылығының үлесі жоғары. Біз ең кем дегенде 15 пайызға жеткізуді мақсат етуіміз қажет. Сол кезде ауылдың, ауыл халқының да әлеуметтік жағдайы жақсарады.
Айдарбек ХОДЖАНАЗАРОВ,
«Олжа Агро» ЖШС бас директоры