Тестілеудің бірінші кезеңінен 1 246 адам өтті, үміткерлер логикалық тестілеудің 78 сұрағына жауап берді. Келесі кезеңге сауалдардың 30%-ына дұрыс жауап берген 1 067 үміткер жіберілді.
Жобаға тіркелгендердің арасында Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысының тұрғындары басым (25%-дан астам), ең аз өтінім Павлодар облысынан келіп түскен. Дарындылар пулына қатысушылардың 8%-дан астамының 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар. Іріктеудің бірінші кезеңінен өткен үміткерлердің қорытынды тізімі talent.gov4c.kz сайтында жарияланған.
Тестілеудің екінші кезеңінде үміткерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша білімі тексеріледі. Қатысушылар ел Конституциясы, «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Дербес деректер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдар бойынша 1,5 сағат ішінде 90 сұраққа жауап беруі қажет.
Тестілеуден кейін қорытынды кезеңге өткен үміткерлер мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, HR-сарапшылардан және мемлекеттік корпорацияның басқарма мүшелерінен тұратын сарапшы кеңес мүшелерімен әңгімелесуден өтетін болады. Жоғары балл жинаған және әңгімелесу кезеңінен сәтті өткен үміткерлер кейіннен тиісті бос лауазымдарға тағайындау үшін дарындылар пулына қабылданады.