Қоғам • 26 Наурыз, 2021

Алматыда ауыз су мәселесі шешіледі

1100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаладағы суға қолы жете алмай отырған аумақтарда биыл арнайы құрылғылармен жабдықтау және су жүйелеріне қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда 20 мыңнан астам үйде су мәселесі шешілетін болады.

Алматыда ауыз су мәселесі шешіледі

Өңірлік коммуникациялар ала­ңында өткен брифингте Энер­­готиімділік және инфра­құры­­лымдық даму басқар­масы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Берік Жамбылов «Алматы-2020» даму бағдарламасы аясында өткен жылы 33 жоба бойынша 312 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынғанын жет­кізді. Бұл қалаға қосылған елді мекендерде, соның ішінде Думан, Самғау және Ақбұлақ кенттерінде 23 мыңға жуық тұр­ғын үйді қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі кезде қала тұрғын­да­рының жүз пайызға жуығы орта­лықтандырылған сумен қам­тылған. Б.Жамбылов атап өткендей, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету 2019 жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға өскен. Ал қаланың 17 шағын ауданында өткен жылы басталған жұмыстар биыл аяқталады. Осы орайда Құрамыс, Жайлау, Таужолы, Колхозшы, Әлмерек, Кемел, Алғабас, Боралдай, Шұғыла, Ақжар, Қайрат, Самғау, Қарасу, Шапағат, Теректі, Шаңырақ-1, Көкшоқы сияқты елді мекен­дерде 150 шақырымды сумен жаб­дықтау және 130 шақырымға су желілерін тарту жоспарлануда.

Наурыз мерекесіне орай алматылықтардың сусыз қал­мауын алдын алу мақсатында ком­муналдық қызметтер кү­шейтілген режімге көшкен.

Энерготиімділік және ин­фра­­құрылымдық даму бас­қар­масының мәліметтері бойынша, мегаполисті энергиямен және жылумен ЖЭО-1, ЖЭО-2, ГЭС каскады, Батыс жылу кешені және 8 қазандық қамтамасыз етіп отыр.

Қазіргі кезде қалалық жы­лу-энергетикалық және тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шылық салаларының 817 маманы мен инженерлік-тех­никалық қызметкерлері өз мін­деттеріне сақадай сай. Ал тө­тенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 300 маманнан жасақталған 80 бригада, 280 арнайы техника жұмыс істейді. Сонымен бірге арнайы техника және құрылғылармен қамтылған диспетчерлер, кезекші қыз­меткерлердің де жұмысы күшей­тіл­ген.

 

АЛМАТЫ