Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Келеңсіз жайт кеше шамамен сағат 22:10 шамасында болған.
«Lada granta көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен болып шықты. Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр», деді Полиция департаментінің өкілі.