Коронавирус • 26 Наурыз, 2021

Атырауда 82 адам коронавирусқа шалдықты

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте өңірде 82 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 82 адам коронавирусқа шалдықты

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласында 26 адам, Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде 54 жұмысшы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал Құрманғазы ауданында – 1, Индер ауданында 1 адамнан қауіпті вирусқа шалдыққан.

«Науқастардың арасындағы 17 адамда коронавирустың симптомды түрі тіркелді. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 81 пациент емделіп шықты. Қазір 232 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 8, модульдік стационарда 109, ал аудандардағы стационарларда 18 адам ем қабылдап жатыр. Теңіз кенішіндегі  инфекциялық стационарда 266 пациент оқшауланды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20