Президент • 27 Наурыз, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Шепельдің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Шепельдің дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Шепельдің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

«Владимир Шепель үлкен кәсіби жолдан өтіп, жауапты қызмет атқарған жылдары лайықты құрметке ие болды. Ол өз өмірін Қазақстан халқының игілігі жолында қызмет етуге арнады. Оның еңбегі мемлекеттік наградалармен және медальдармен өз бағасын алды. Владимир Николаевичтің есімі туыстары мен жақындарының, әріптестері мен достарының жүрегінде мәңгі сақталады», делінген көңіл айту жеделхатында.