Аймақтар • 28 Наурыз, 2021

Атырауда 50-ден астам адам қайыршылықпен айналысқан

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қайыршылықты кәсіп ететіндер саны әлі де азаймай отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 50-ден астам адам қайыршылықпен айналысқан

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері Атырау қаласы аумағында қайыршылықпен айналысқан 50-ден астам адам әкімшілік  жауапкершілікке тартылған.

«Учаскелік полиция қызметкерлері Атырау қаласындағықоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысатындарды анықтау, жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шараларды жүргізді. Іс-шара кезінде 62 жастағы тұрғынның Ақсай селосындағы қоғамдық орында қайыршылықпен айналысқаны анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 449-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық орындарда тиісу) әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.