Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяққа алданған үш тұрғыннан арыздан түскен.
«Атырау қалалық полиция басқармасына жергілікті үш тұрғын арызданып, алаяққа алданып қалғанын жеткізген. Жәбірленушілерге осы уақытқа дейін жер алып бермеген, не ақшасын қайтармаған. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ұсталған күдікті Ақтөбе қаласында тұратын 45 жастағы тұрғын болып шықты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.