Видео • 30 Наурыз, 2021

Индонезияның мұнай зауытында жойқын жарылыс болды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі таңертеңгілік Индонезияның Батыс Ява қаласындағы Балонган мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, маңайы өртке оранды, деп хабарлайды Egemen.kz republika.co.id сайтына сілтеме жасап.

Индонезияның мұнай зауытында жойқын жарылыс болды

Foto: Agus Yulianto/Republika

Индонезияның мемлекеттік PT Pertamina мұнай-газ компаниясына тиесілі нысанда өрт өшірілді. 

Сонымен қатар Индрамаю - Циребон бағытындағы жол уақытша жабылған. 

Тәулігіне 125 мың баррель қара алтын өндіретін Индонезиядағы ең ірі зауытта өрттің шығу себептері туралы ақпарат әлі анықталып жатқанға ұқсайды.  Себебі, бұқаралық ақпарат құраладарында мардымды дерек жоқ. Тengrinews сайтының жазуынша, жарылыс салдарынан 4 адам зардап шеккен.

Мұнай өңдеу зауытының маңына жақын жердегі тұрғын Аденің сөзінше, өрт Индрамайю аймағында найзағай жарқылынан кейін пайда болған. 

Қазір аймақтағы жүздеген тұрғын басқа жерге көшірілген.

 

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10