Білім • 30 Наурыз, 2021

Асхат Аймағамбетов СҚО оқу орындарында қандай өзгерістер болатынын айтты

504 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Солтүстік Қазақстан облысындағы оқу орындарында қандай өзгерістер болатынын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Асхат Аймағамбетов СҚО оқу орындарында қандай өзгерістер болатынын айтты

«Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша «Жас маман» жобасы аясында 2021 жылы 9 колледжді жабдықтаймыз. 2025 жылға дейін жастарды кезең-кезеңмен 100%-ға дейін колледждерде ақысыз оқумен қамту жоспарланды. Ол үшін қосымша гранттар беріледі», деді министр.

Жоғары білім саласына тоқталған министр, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес М.Қозыбаев университетінде Академиялық артықшылық орталығы құралатынын айтты.

«Қаражат инновациялық зертханаларды құруға, білім беру бағдарламаларын жаңартуға, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуды қаржыландыруға және басқа да бағыттарға беріледі. Осы бағытта бюджеттен 5 млрд теңге бөліну жоспарлануда. Сонымен бірге университетте республикалық бюджет есебінен 600 орындық екі жатақханана салу үшін 4,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұған қоса, қолданыстағы үш жатақханада 2,2 млрд теңгеге және бес оқу ғимаратында 2,4 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізіледі. Осындай жоспарымыз бар. Сонымен осы университет толығымен модернизациядан өтеді деп айта аламыз», деді А.Аймағамбетов.

«Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік жоғары оқу орнын құру жоспарының аясында Петропавл қаласында осындай университет құрылатын болады. Бұл университет әлемнің үздік университеттерімен бірге жаңа білім беру бағдарламаларын іске асырып, нәтижесінде біз өңірлік зерттеу орталығына ие боламыз. Онда озық зерттеу мен озық білім беру үшін жағдайлар жасалады», деп нақтылады ведомство басшысы.

Министрлік облыс аумағында жұмысқа тұрған «Серпін» бағдарламасы түлектерінің еңбекпен өтеу мерзімін 2 жылға дейін азайту бойынша өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Көрші елдердің жоғары оқу орындарынан М. Қозыбаев атындағы университетіне ауысатын студенттерге жыл сайын арнайы 200 білім грантын бөлу мәселесі қарастырылып отыр.

Сонымен бірге М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне студенттердің келуін ыңталандыру үшін 2000 арнайы грант бөлінеді. Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды.

Премьер-Министр Асқар Мамин кешенді жоспары өңірдің инфрақұрылымын жақсартатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025