Экономика • 30 Наурыз, 2021

Қытай компанияларының акциялары құлдырады

1450 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

АҚШ биржаларында саудаланатын Қытай компанияларының акциясы күрт төмендеп кетті.

Қытай компанияларының акциялары құлдырады

Бұған америкалық тараптың шетелдік ұйымдарға қойған жаңа талабы әсер етуде

Жалпы, АҚШ пен Қытай арасындағы текетірес таусылған емес. Қос мемлекеттің арасында өрбіген «сауда соғысына» куә болғанымыз кешеғана еді. Енді тағы бір дүрбелең белең алғандай. Иә, АҚШ-та саудаланатын қытайлық ірі компаниялардың акциялары 15 пайызға дейін төмендеуде. The Wall Street Journal басылымы мұның себебін америкалық тараптың жаңа талабымен байланыстырып отыр. Яғни АҚШ-тағы қытайлық компаниялар америкалық реттеушілердің бақылауында болып, аудиторлармен жұмыс істеуі керек. Әйтпесе, олар қор биржаларының баға белгілеу тізімінен алынып тасталады. Тиісінше, компаниялардың бағалы қағаздары биржада сатылмайды.

Қазақстандық аудитор Жансұлу Мұхамеджанова бөліскен мәліметке сүйенсек, АҚШ-тағы ірі инвестициялық банктер өткенаптада қытайлық компаниялардың 10,5 млрд доллар көлеміндегі акциясынан «құтылған». Соның салдарынан Қытай компанияларының капиталы 732 млрд долларға дейін құлдыраған. Бұл аз ақша емес. Салыстырмалы түрде айтсақ, аталған сома Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 4,5 пайызына тең. Жағдайдың күрделі екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Белгілі болғандай, АҚШ-та тіркелген қытайлық 48 ірі компанияның депозитарлық қолхаттарын бақылайтын S&P/BNY MellonChina Select ADR компаниясының индексі 2,21 пайызға немесе 7 416,31 пунктке дейін азайған. 24 наурыздың өзінде индекс 6,4 пайызға кеміген. Бұл 16 ақпандағы рекордтық деңгейден 23 пайызға төмен.

25 наурыз күні интернет-коммерция саласындажұмыс істейтін компаниялардың акциялары да құлдырады. Оның ішінде Alibaba Group та бар. Мәселен, NYSE, яғни Нью-Йорк биржасындаәйгілі компанияның акциясы 2,99 пайызғанемесе 222,72 долларға дейін төмендеді.

LUCKIN Coffee кофе желісінің OTC Marketsбиржасындағы акциясы 4,56 пайызға немесе8,79 долларға дейін төмен түсті. Bilibili бейнеойын баспасының акциясы 0,05 пайызға немесе95,65 долларға дейін азайды. Интернет-саудажәне электрондық коммерциямен айналысатынJD.com компаниясының бағалы қағаздары 0,46 пайызға, 78,71 долларға дейін кеміді. NetEaseинтернет-компаниясының акциясы 1,11 пайызғаазайып, 101,55 долларды құрады.

NASDAQ биржасындағы қытайлық Baidu іздеужүйесінің акциясы 14,47 пайызға немесе 204,57 долларға дейін төмендеді. iQIYI видео хостингінің бағалы қағаздары (Baidu бас компаниясына тиесілі) 13,34 пайызын жоғалтып, 20,08 долларды құрады.

Биржадағы дүрбелеңнің орын алғаны сондай, әдетте күніне 17 млн акциясы саудаланатынTencent Music компаниясының 26 наурызда 300 млн акциясы сатылған. Сарапшылар GoldmanSachs инвестициялық банкі мен JPMorgan Chaseқаржы холдингі теріс ахуалдың болатыныналдын ала болжап, қытайлық компаниялардыңакциясынан құтылып жатқанын жеткізді. Соғанқарағанда нарықтағы ірі ойыншылар жағдайдыңушығып кететінін күні бұрын білген секілді.

Дегенмен акциялары аз да болса өсімкөрсеткен қытайлық компаниялар бар. Мәселен, туристік қызметтерді ұсынатын Trip.com GroupLimited компаниясының акциясы 0,03 пайызға, 37,9 долларға дейін көтерілді. ChinaTelecommunications Қытайтелекоммуникациялық корпорациясы 3,32 пайыздық өсім көрсетті (26,45 долларға дейін). Pinduoduo электрондық коммерция платформасының акциясы 2,7 пайызға – 127,53 долларға дейін өсті.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың мамыр айындаАҚШ Сенаты «Шетелдік компаниялардыңжауапкершілігі туралы акт» қабылдады. Бұлшетелдік ұйымдардың АҚШ заңнамасына сәйкесесеп беруін талап етеді. Міне, қытайлықкомпаниялардың жағдайы осыдан кейіннашарлай түскен.

Ол аздай, NYSE биржасы Қытайдың үш ірітелекоммуникациялық компаниясын (ChinaTelecom, China Mobile және China Unicom) биржалық тізімнен шығару туралы шешімқабылдады. Алайда 2021 жылдың қаңтар айындареттеушімен «кеңескен» соң NYSE шешімніңкүшін жойғаны туралы хабарлады.

Бұдан бөлек, осы жылдың қаңтарындақызметінен кеткен АҚШ президенті Дональд Трамп ел ішінде қытайлық сегіз қосымшаныпайдалануға тыйым салатын жарлыққа қолқойды. Оның ішінде Alipay төлем жүйесі де бар. Трамп Қытай билігі қосымшалар арқылыпайдаланушылардың құпия ақпаратына қолжеткізуі мүмкін екенін, сол себепті осындайшешімге барғанын айтты. Сонымен қатар 2020 жылдың желтоқсанында Дональд Трамп шетелдік компанияларға арналған жаңа аудит ережелеріне қол қойды. Ол, негізінен, Қытайкомпанияларын америкалық биржалардан«аластатуға» бағытталған. Яғни, компанияларпрезидент бекіткен ережелерді үш жылқатарынан сақтамаса, биржадан шығарылады. Аталған жарлық 90 күннен кейін күшіне енуікерек-тін. Сондықтан инвесторлар жағдайды соңына дейін бақылауда ұстады. Бұл жердегіжағдай екі сценарий бойынша өрбуі керек еді. Біріншісі – АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден бұған дейінгі әріптесі қабылдаған жарлықтың күшін жояды. Екіншісіқытайлық компаниялар жаңа талаптарды орындайды. Көбі жағдай бірінші сценариймен өрбитініне сенімді болды. Алайда жұрт күткендей, ешқандай ғажайып орын алмады. Өткен сәрсенбіде Д.Трамп қол қойған жарлық заңды күшіне енді.

Түптеп келгенде, осы жағдайлардың бәрі қытайлық компанияларды тығырыққа тіреді. Мұны АҚШ тарапынан Қытай компанияларына құрылған қақпан десе де болғандай. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытай тарапы да үнсіз жатқан жоқ. Олар АҚШ-тан қытайлық компанияларға қарсы қысымды тоқтатудысұрады. Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чуньинның айтуынша, АҚШ-тың қолға алған шаралары нарық қағидаларына сәйкес келмейді. Екі алыптың арасындағы тартыстың немен тынары белгісіз. Бірақ мұның қазіргідей күрделі кезеңде әлемдік экономикаға абырой да, пайда да әкелмесі анық, дейді сарапшылар.