Теннис • 31 Наурыз, 2021

Александр Бублик ширек финалға шықты

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 3 343 785 долларды құрайтын «Мастерс» турнирінің кеше төртінші айналымы өз мәресіне жетті.

Александр Бублик ширек финалға шықты

Қазақстанның теннисшілері арасынан айтулы жарыста 23 жастағы Александр Бублик сәтті өнер көрсетуде. Алғашқы кезеңде бос болған ол екінші және үшінші айналымдарда сербиялық Ласло Джере мен аустралиялық Джесси Дакворттан айласын асырды.

Бүгін жерлесіміздің жолы Тейлор Фритцпен қиысты. Әлемдік рейтингте 32 орында тұрған 23 жастағы америкалық сайыпқыранның бұған дейінгі ең үздік көрсеткіші – Ролан Гаррос және АҚШ пен Аустралияның ашық біріншіліктерінде үшінші кезеңге дейін жетуі. Ал Бублик үздіктер тізімінде өз қарсыласынан он саты төмен тұр. Көпшілік болжағандай қос құрдас арасындағы бәсеке өте шиеленісті өтті. Бірінші сетте көрермендер нағыз «жан алысып, жан беріскен» айқастың куәсі болды. Тай-брейкке дейін ұласқан тартыс Фритцтің пайдасына шешілді. Есесіне  одан кейінге сеттерде Александр алдымды көрінді. Қорытынды есеп – 7:6, 3:6, 4:6. Енді отандасымыз ширек финалда әлемнің 31 ракеткасы атанып отырған италиялық Янник Синнермен күш сынасады. 

Естеріңізге сала кетейік, Майамидегі турнирді Ярослава Шведова – бірінші, Михаил Кукушкин, Зарина Дияс және Юлия Путинцева – екінші, ал Елена Рыбакина – үшінші айналымда аяқтаған болатын.