Әлем • 31 Наурыз, 2021

31 наурыз – Әзербайжан халқының геноцидке ұшыраған күні

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Түркі академиясының президенті «31 наурыз – Әзербайжандардың геноцидке ұшыраған күніне» орай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Twesco.org сайтына сілтеме жасап.

31 наурыз – Әзербайжан халқының геноцидке ұшыраған күні

«1918 жылдың наурыз айынан бастап екі ай бойы армян дашнак қарулы топтары Әзербайжан аймақтарында он мыңдаған бейбіт халықты этникалық және діни белгілеріне қарай қырғынға ұшыратып, елді мекендерді, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мешіттерді қиратты. Өкінішке орай, олардың адамгершілікке жат бұл іс-әрекеттері халықаралық деңгейде құқықтық тұрғыдан қарастырылып, айыпталмады. Соның нәтижесінде жылдар өткеннен кейін Ходжалы және басқа да аймақтарда осындай қылмыстар қайта жасалды.

Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде әзербайжандықтарға қарсы жасалған мұндай қантөгіс қырғындарға әлем қауымдастығының назарын аудару мақсатында Әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев  31 наурызда Әзербайжандықтардың геноцидке ұшыраған күні деп жариялаған болатын.

Халықаралық Түркі академиясы атынан 31 наурыз – қырғынының құрбандарын қайғырып еске аламыз, бауырлас Әзербайжан халқы мен мемлекетіне қолдауымызды білдіреміз, мұндай адамгершілікке жат әрекеттердің енді қайтып орын алмауы, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуы үшін әлем қауымдастығын осы оқиғаларға қатысты әділ ұстанымда болуға шақырамыз», деді Халықаралық Түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлі.

 

Соңғы жаңалықтар