Футбол • 31 Наурыз, 2021

Әлем чемпионаты: Украина мен Қазақстан футбол құрамаларының іріктеу ойынын қайдан көруге болады?

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Бүгін түнде Киевтегі «Олимпийский» стадионында Украина мен Қазақстан құрамалары 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті матчын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Украина мен Қазақстан футбол құрамаларының іріктеу ойынын қайдан көруге болады?

 Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде 00:35-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) басталады. Комментаторлар - Ерсін Ерік, Ербол Каиров.

Андрей Шевченконың командасы бұған дейін екі ойын өткізіп, екеуінде де 1:1 есебімен тең түсті. Алдымен қонақта Франциямен ұпай бөліссе, төрт күннен кейін өз алаңында Финляндиямен тең ойнады. Қазақстан құрамасы 28 наурыз күні «Астана-Аренада» француздарға 0:2 есебімен есе жіберді.

Украина мен Қазақстан құрамалары осымен үшінші Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір топқа түсіп отыр. Бұған дейін, 2006 және 2010 жылғы әлем біріншіліктерінің іріктеу турнирлерінде кездескен еді. Екі елдің командалары өзара 4 ресми матч өткізіп, барлығында Украина жеңіске жеткен.