Медицина • 31 Наурыз, 2021

Коронавирус пандемиясы кезіндегі тоқішек обырын емдеу мәселелері талқыланды

261 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Коронавирустық пандемия кезінде басқа да көптеген қауіпті кеселдердің алдын алып, диагнозын дер кезінде қойып, ем тағайындау аса көкейкесті. Осы мәселеге орай, Алматыда  ҚР ДСМ бас онкологы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ДСМ онкология және радиология ҚазҒЗИ басқармасының төрайымы Диляра Қайдарова COVID-19 пандемиясы кезінде тоқішек обырына (ККР)  жағдайына арналған онлайн баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус пандемиясы кезіндегі тоқішек обырын емдеу мәселелері талқыланды

Онлайн жиынға қаладағы Химиотерапия орталығының меңгерушісі Рамиль Әбдірахманов, «Ацино Каз» ЖШС бас директоры Людмила Жангельдина, ТМД елдері бойынша Merck Biopharma директоры Элиа Роджермен бірге бірқатар пациенттер қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Колоректальды қатерлі ісік (КРР) – тоқ және тік ішектің әртүрлі бөліктерінен табылатын қатерлі ісік. Жыл сайын Еуропада КРР-нің шамамен 500 000 жаңа жағдайына диагноз қойылады, олардың 250 000-ы қайғылы жағдаймен аяқталады.

Алдын ала айта кету керек, Қазақстан ТМД аумағында қан үлгісі негізінде КРР бар пациенттер үшін молекулярлық диагностикалаудың жаңа әдісін енгізген алғашқы мемлекет. Сұйық биопсия диагностиканың дәстүрлі әдістеріне қосымша тоқішек обыры табылған әрбір сырқаттың жеке ерекшеліктерін ескере келе, терапияны оңтайландыруға мүмкіндік береді.

«Бүкіл әлемде наурыз айы – колоректальды қатерлі ісік туралы хабардар ету айына саналады. ДДҰ деректері бойынша колоректалды обырмен сырқаттанған 2 млн жуық науқас анықталды, оның ішінде 55,2% ерлер, 44,8% әйелдер. 2020 жылы Қазақстанда колоректалды обырмен ауыратын 3117 жаңа науқас анықталды, оның – 49,3%-ы ер-азаматтар, 50,7%-ы әйелдер. Күн сайын колоректальды қатерлі ісіктен 4 адам көз жұмады. Біз генетика мен колоректальды қатерлі ісік арасындағы байланысты көріп отырмыз. Бүгінгі таңда генетикалық скринингті қауіптілігі жоғары топтарға қосу қажеттілігі туындап отыр», – дейді Диляра Қайдарова.

2030 жылға қарай ДДҰ КРР жаңа жағдайларының 77% артуын және КРР-дан қаза болатындар санының 80% артуын болжайды, сондықтан скринингтік бағдарламаларға, дәрігерлерге арналған оқыту бағдарламаларына және тестілеудің жаңа әдістерін қолдануға маңызды рөл бөлінеді. Бірақ қабылданып отырған барлық шараларға қарамастан, халықтың қатерлі ісік және оның даму қаупі факторлары туралы хабардар болу деңгейі жеткілікісіз, бұл өз кезегінде диагноздың тым кеш қойылуына әкеп соғады.

Қазақстанда колоректальды обыр онкологиялық аурулар құрылымында үшінші орын алады және 9,6% құрайды (бірінші орында сүт безі обыры 13,2%; екінші орында өкпе обыры 10,4%). Жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктің 3000-нан астам жағдайы тіркеліп, 1500-ге жуық науқас қайтыс болады. Тәуекелділік тобын негізінен 50 жастан асқан адамдар құрайды.

Талқылаудың өзекті тақырыбы- КРР бар пациенттерді аурудың алдын алуға, емделуге және қалыпты өмірге бағыттау мәселесі болды. Пациенттің маршрутының әрбір кезеңі бойынша қолжетімді деректер қарастырылды және осы жолды жақсарту үшін шешімдер ұсынылды.

Баспасөз конференциясы жаһандық әлеуметтік маңызды бастамаға, яғни колоректальды қатерлі ісік туралы хабардар ету Айына орайластырылған болатын, оның мақсаты- халықтың осы ауру туралы білім деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын таңдау есебінен КРР жаңа жағдайларының 55% астамын алдын алуға болар еді.

Жыл сайын наурыз айында Қазақстанның онкологиялық ұйымдарында да тоқішек обырының алдын алуға бағытталған Ашық есік күні өткізіледі. Биылғы эпидемиялық ахуалдың қиындығына қарамастан, Қазақстанның 13 онкологиялық орталығы 2021 жылы КРР ерте анықтау бойынша іс-шара өткізді. Обыр алды кеселдер 32 адамнан табылды, 27 адамда қатерлі ісік бар, деген күдік келтірілді. 158 адамнан басқа аурулар анықталды.

«Қазіргі уақытта онкология деген үкім емес. Уақытылы диагноздың қойылуы және  жекелеген терапияның  таңдалуы  емдеу нәтижелерінің жақсаруына және өмір сүру деңгейінің жоғарылауына әсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Біз үшін сәтті және өте жемісті ынтымақтастықтың мысалы ретінде молекулярлық-генетикалық диагностика жөніндегі жобаға көрсетілген қолдау саналады, яғни мұнда Ras гендеріндегі мутациялар (генетикалық өзгерістер)  арқылы колоректалдық обырды анықтау мүмкін болып отыр», дейді Merck Biopharma-ның ТМД елдері бойынша директоры Роджер Элиа.

Өз кезегінде «Ацино Каз» ЖШС бас директоры Людмила Жангельдина:

«Біздің компаниясы Қазақстан онкологтары үшін білім беру бастамаларын қолдайды. Біз Қазақстанда онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру мақсатында онкология саласындағы  отандық және халықаралық сарапшыларды қатыстыра  отырып, оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп отырамыз. Компания денсаулық сақтау мамандары үшін «Medacino.kz» ақпараттық порталын құрды», деді .