Президент • 31 Наурыз, 2021

Президент Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

3819 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті сәулетші, ғалым әрі қоғам қайраткері, қаламгер Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

«Шот-Аман Ыдырысұлы елімізде сәулет өнерінің қарқынды дамып, жаңа белеске көтерілуі жолында көп еңбек сіңірді. Көптеген еңселі ғимараттар мен көрікті ескерткіштердің авторы атанды. Халқымыз оны Мемлекеттік Елтаңба авторларының бірі ретінде жақсы біледі. Ғұмырын шығармашылық ізденістер мен ғылыми зерттеулерге арнап, қаламгерлік жолда да жемісті жұмыс жасады. Руханият байлығын дамытуға едәуір атсалысты. Соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Шот-Аман Ыдырысұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады», делінген жеделхатта.