Инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша жоғары білім беретін әлемнің көптеген спорт корпорацияларының ғылыми-зерттеу зертханалары орналасқан оқу орны «QS World University Rankings 2017» рейтингіндегі университет.
Лафборо университетінде Глеб елімізде үлкен сұранысқа ие спорт ғылымын игеретін болады. Спорт ғылымы дене шынықтыру жаттығуларын жасау кезінде дене қалай жұмыс істейтінін, спорттық жаттығулар арқылы денсаулықты нығайту мәселелерін, адам ағзасының мүмкіндіктерін зерттейді. Глебтің спорт ғылымын таңдаудағы шешімі жүзу, веложарыс және жүгіруді біріктіретін мультиспорттық жарыс – триатлонмен әуестенуіне байланысты. Сонымен қатар жүгіру, велосипед айдау, шаңғы тебу сияқты үш циклдық спорт түрінен тұратын қысқы триатлонның да өзіндік ерекшелігі бар.
Глеб триатлонмен осыдан үш жыл бұрын айналыса бастаған. 12-20 сағатқа дейін алты күн бойы жаттығу алаңында жүретін спортшы қысқы триатлонға қатысып, Назарбаев университеті ашылуының он жылдығына орай өткізген ойындарда жеңіске жеткен. «Триатлон менің өмірімді түбегейлі өзгертті десем болады, сондықтан мен келешегімді спортпен байланыстыруды жөн көрдім. Спорт ғылымын таңдап, университетте циклдік спорт түрлерінде зерттеулер жүргізуді оқып үйренетін боламын. Қазір мен Nomad клубында жаттығып жүрмін. Осы жазда Ланзерот аралында өтетін жарыстарға қызу дайындалудамын. Бұл әлемдегі ең қиын старттардың бірі болып саналады: жел, аптап ыстық және 2500 метр биіктікке көтерілу спортшылар үшін ауыр сын. Триатлон адамның бар мүмкіндіктерін ашады, шыдамды болуға үйретеді. Мәреге жеткенде бойыңды билейтін сезімдерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Триатлон маған өзімді тануға және бүкіл әлемде жаңа достар табуға көмектесті. Зияткерлік мектепте меңгерген ағылшын тілі жаңа достар табуға ықпал етті. Менің мектебім маған керемет келешекке жол ашып, болашаққа үлкен қадам жасау мүмкіндіктерін ұсынғанына қуанамын, – дейді Глеб Валиахметов.