Бұл зертханаларда синтетикалық есірткі заттары дайындалып, кейін ол сатылымға жіберілмекші болған.
Наурыздың 31-і күні жүргіліген арнайы операция барысында Ақмола облысында қылмыстық топтың ұйымдастырушысы қолға түсті. Қарағанды облысының 30 жастағы тұрғыны аталған өңірден үй сатып алып, оның ішін ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын жасайтын құрал-сайманмен жабдықтап, кейін жасалған есірткіні басқада өңірлерге сатпақшы болған. Санкцияланған тінту жүргізу барысында ұсталған азаматтан үш килограммнан астам дайын «мефедрон» есірткі заты және 35 литр сұйық «мефедрон» есірткі заты, сондай-ақ үш мың литр сұйық, шамамен 50 килограмм жаппай прекурсорлар алынды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин бұған дейін тәртіп сақшыларының қылмыстық әрекеттерін Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында іске асырып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың белді мүшелерінің ұсталғанын хабарлады. Атап айтқанда, олар – Алматы қаласының 32 жастағы, Ақмола облысының 35 жастағы және Палодар қалаларының 21 жастағы тұрғындары.
Жоғарыда айтылған жедел іс-шара барысында, қылмыстық топтың айналымнан өткізуге дайындап қойған 100 мың бір реттік дозаға тең, қара базардағы құны шамамен 1 миллиард 600 миллион болатын 50 килограммнан астам есірткі заты тәркіленді. Сарапшылардың айтуына қарағанда, қылмыстың жолы кесілмегенде, күдіктілер прекурсорлардан қара базардағы құны 24 миллиард теңге болатын есірткінің бір жарым миллион дозасын жасап, бүкіл елге таратады екен.