«Бірінші кезекте тұрғындарға сапалы қызмет көрсету деңгейі әлі де төмен. Мәселен, 109 бірыңғай байланыс орталығына медициналық мекемелердің жұмысына тұрғындардың көңілі толмайтыны жөнінде шағымдар жиі түседі. Әсіресе, медициналық қызметтің сапасына, мамандардың деңгейі мен этикасына қатысты шағым өте көп. Демек, бұл емхана мен ауруханалар басшыларының жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыра алмай отырғанын көрсетеді», дейді Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің пікіріне сүйенсек, мемлекет тарапынан медицина саласына жақсартуға қолдау күшейіп, қызметкерлердің еңбекақысы өсті. Егер медициналық мекеме басшылары жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаса, оларға қатаң шара қолдану керек.
Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің сөзінше, кемшіліктер мен олқылықтарды жоюға болады. Алайда салада мамандар тапшылығы туындап отыр.
«Мәселен, өткен жылы 278 дәрігер жетіспеген еді. Былтыр 93 дәрігер жұмысқа қабылданды. Алайда, облыстың медицина саласына әлі де 207 маман жетіспейді. Биыл бұл мәселені гранттар бөлу арқылы біртіндеп шешуді жоспарлап отырмыз», деді А.Байдуәлиев.