Аймақтар • 03 Сәуір, 2021

СҚО-да соңғы үш айда ғана 99 қалтафон ұрлығы жасалған

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-да қалтафон ұрлығы өршіп тұр. Соңғы үш айда ғана облыс бойынша осындай 99 ұрлық тіркелді. Бұл қылмыстың ашылуы әзірге 78%-дан жоғары.

СҚО-да соңғы үш айда ғана 99 қалтафон ұрлығы жасалған

Бұл қылмыс әсіресе жастар арасында өріс алған. Мәселен, жуырда полиция бөліміне қаладағы колледждердің бірінің 21 жастағы студенті жүгінген. Ол «Samsung» ұялы телефонының ұрланғанын айтқан. Шығын 55 теңгені құрайды. Жедел уәкілдер бірер күн бұрын қаланың шеткі аудандарындағы дәмханалардың бірінде жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішкен жүрісі сұйық 26 жастағы қалалыққа күдіктенеді. Ақыры, күдік расқа айналып, ол танысының мүлкін мас болып қалып ұрлағанын айтқан. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы - «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған заттың қайда екенін анықтау үшін полицейлермен шаралар қабылдауда. «Қалтафондар көбіне бірге алкогольдік ішімдіктер ішу барысында ұрланып жатады. Алкогольдік масаю адам сау кезінде жасамайтын теріс қылықтарды жасауға себеп болады», - дейді Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов.