Спорт • 04 Сәуір, 2021

Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын бірінші раундта құлатты

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Осы жарыста күш сынасқан Тұрсынбай Құлахмет өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын бірінші раундта құлатты

Жанкүйерлер Тұрсынбайды әуесқой боксшы ретінде жақсы біледі. 75 кило салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан ол 2019 жылы Азия чемпионы атанып, әлем біріншілігінде қола медальді иеленді. Былтыр кәсіпқойлар арасында күш сынасуға бел буды. Сол кезден бері екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Парсы жағалауында қандасымыз Хебер Рондонмен қолғап түйістірді. Венесуэла өкілінің біздің боксшыға қарағанда тәжірибесі әлдеқайда зор. Ол осы күнге дейін 20 рет рингке шығып, барлық қарсыласынан басым түсті. 13 бәсекені нокаутпен аяқтады. Соған қарамастан Құлахмет Рондонды бірінші раундта ұрып жығып, бірінші орта салмақтағы өзіне тиесілі WBC International нұсқасы бойынша алтын белбеуді сақтап қалды.

Сол кеште Дубайда Жанқош Тұраров та өнер көрсетуге тиіс еді. Алайда қазақ боксшысының коронавирус дертіне шалдыққаны анықталып, бұл жекпе-жек кейінге шегерілді.